Все сервисы
Zanger
Арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтық міндеттемелер мен әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсаттары үшін арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану қағидаларын және арнаулы мобильді қосымша чегінің мазмұнын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 30 қазандағы № 647 бұйрығы
(2026.21.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 717-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтық міндеттемелер мен әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсаттары үшін арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес арнаулы мобильді қосымша чегінің мазмұны бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Е. Биржанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 30 қазандағы
№ 647 бұйрығына 1-қосымша

Добавить в список основных источников в Google