Все сервисы
Zanger
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 298 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оның Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. 2025 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Ереженің 15-тармағының 40) тармақшасын қоспағанда, осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |

Добавить в список основных источников в Google