Все сервисы
Zanger
Шартты және жоғары автоматтандырумен басқарылатын автокөлік құралдарына жатқызылған көлік құралдарының сәйкестігін бағалауды жүргізу, сондай-ақ айналысқа шығару талаптары мен ерекшеліктерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 31 шілдедегі № 441/НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 300 ҚБП қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Шартты және жоғары автоматтандырумен басқарылатын автокөлік құралдарына жатқызылған көлік құралдарының сәйкестігін бағалауды жүргізу, сондай-ақ айналысқа шығару талаптары мен ерекшеліктері бектілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мадиев |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрі
2026 жылғы 31 шілдедегі
№ 441/НҚ бұйрыққа
қосымша
Шартты және жоғары автоматтандырумен басқарылатын автокөлік құралдарына

Добавить в список основных источников в Google