Все сервисы
Zanger
«Теңіз портының капитаны туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 55-I және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 305 бұйрықтарына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 24 шілдедегі № 230 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Теңіз портының капитаны туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 55-I бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2729 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз портының капитаны туралы ережеде:
7-тармақ мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 305 бұйрығымен бекітілген шарттардың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35095 болып тіркелген) сақталуын бақылау және қадағалау.».
2. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35095 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттары (бұдан әрі - шарттар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

Добавить в список основных источников в Google