Все сервисы
Zanger
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 102 және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 4/407 бірлескен бұйрығы мен қаулысы
(2023.01.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2026 жылғы 1 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023.23.01. № 17 және ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2023.25.01. № 26/670 бірлескен бұйрығымен қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы БҰЙЫРАДЫ, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023.23.01. № 17 және ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2023.25.01. № 26/670 бірлескен бұйрығымен қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрық және қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

Добавить в список основных источников в Google