Все сервисы
Zanger
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 22 маусымдағы № 81 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың қоса беріліп отырған тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық Тізбенің 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, отыз үшінші, отыз төртінші, елу үшінші, елу төртінші, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы және алпысыншы абзацтарын, 4-тармағының бесінші және алтыншы абзацтарын, Тізбенің 5 және 6-тармағын, 8-тармағының үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.
| Ұлттық экономика министрінің м.а. | А. Әмрин |
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«Келісілді»
Ұлттық экономика министрінің м.а.
2026 жылғы 22 маусымдағы
№ 81 бұйрықпен
бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

Добавить в список основных источников в Google