Все сервисы
Zanger
«Әкімшілік істерді қарау бойынша соттардың жұмысы туралы есептердің, электронды ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу мен қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 92 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 14 маусымдағы № 130 бұйрығы
ҚР Бас Прокурорының 2026 жылғы 4 қыркүйектегі № 147 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әкімшілік істерді қарау бойынша соттардың жұмысы туралы есептердің, электронды ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу мен қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 92 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23196 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бірінші сатыдағы соттардың әкімшілік істерді қарауы жөніндегі есеп» № 5-нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Апелляциялық сатыда әкімшілік істерді қарау жөніндегі есеп» № 5А-нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кассациялық сатыда әкімшілік істерді қарау жөніндегі есеп» № 5К -нысаны осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бірінші сатыдағы сот қараған әкімшілік іске (талап қою) 1-электронды ақпараттық есепке алу құжаты» нысаны осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Апелляциялық сатыдағы сот қараған әкімшілік іске 2-электронды ақпараттық есепке алу құжаты» нысаны осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Добавить в список основных источников в Google