Все сервисы
Zanger
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы
(2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТЫ
1-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының мәртебесі
2-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сот туралы заңнамасы
3-бап. Конституциялық Соттың құрамы және оны құру тәртібі
2-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ СУДЬЯЛАРЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ
4-бап. Конституциялық Сот судьяларына қойылатын талаптар
5-бап. Конституциялық Сот судьясына кандидаттарға қойылатын талаптар
6-бап. Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі
7-бап. Конституциялық Сот судьяларының анты
8-бап. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігін тоқтата тұру
9-бап. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігін тоқтату
3-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ СУДЬЯЛАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕПІЛДІКТЕРІ
10-бап. Конституциялық Сот судьяларының тәуелсіздігі
11-бап. Конституциялық Сот судьяларына ешкімнің тиіспеушілігі
12-бап. Конституциялық Сот судьялары құқықтарының теңдігі
13-бап. Конституциялық Сот судьяларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
14-бап. Конституциялық Соттың судьяларын материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету
16-бап. Конституциялық Соттың судьяларын әлеуметтік қорғау
4-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
17-бап. Конституциялық Соттың қызметін қаржыландыру
18-бап. Конституциялық Соттың Аппараты
19-бап. Конституциялық Соттың талдаушысы
20-бап. Конституциялық Сот жанындағы ғылыми-консультативтік кеңес
21-бап. Конституциялық Соттың халықаралық ынтымақтастығы
5-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҰЙЫМДЫҚ НЫСАНДАРЫ
23-бап. Конституциялық Соттың құзыреті
24-бап. Конституциялық Соттың өзге де өкiлеттiктерi
25-бап. Конституциялық Соттың отырыстары
26-бап. Конституциялық Соттың кеңестері
27-бап. Конституциялық Сот Төрағасының өкiлеттiктері
28-бап. Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары
2-бөлім. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ IС ЖҮРГIЗУ
6-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ
29-бап. Конституциялық іс жүргізу және оны жүзеге асыру форматы
30-бап. Конституциялық іс жүргізудің электрондық форматының ерекшеліктері
31-бап. Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігі
32-бап. Өтініштің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу
35-бап. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың тең құқықтылығы
36-бап. Конституциялық iс жүргiзу тiлi
37-бап. Конституциялық іс жүргізуді тоқтата тұру
38-бап. Конституциялық іс жүргізуді тоқтату
39-бап. Конституциялық Сот отырысының хаттамасын жасау
8-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТҚА ЖҮГІНУ
43-бап. Конституциялық Сотқа келіп түсетін өтініштердің түрлері
44-бап. Конституциялық Сотқа келіп түсетін өтініштердің нысаны мен мазмұны
45-бап. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына өтініштер
46-бап. Конституциялық Сотқа жүгінудің салдары
9-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУЫ
47-бап. Конституциялық Сот Аппаратының өтініштерді алдын ала қарауы
48-бап. Конституциялық Сот судьясының (судьяларының) өтінішті алдын ала зерделеуі
50-бап. Тексеру өлшемшарттары мен шектері
52-бап. Конституциялық Сот отырысының үзілісі
53-бап. Конституциялық Соттың өтініштерді қарау мерзімдері
54-бап. Конституциялық Соттың отырысын өткізу тәртібін қамтамасыз ету шаралары
10-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ШЕШІМДЕРІ
55-бап. Конституциялық Сот шешімдерінің түрлері
56-бап. Конституциялық Сот шешiмдерiнiң нысандары
57-бап. Конституциялық Соттың нормативтік қаулысы мен қорытындысының мазмұны
58-бап. Конституциялық Соттың шешімдер қабылдауы
59-бап. Конституциялық Сот судьясының ерекше пiкiрi
60-бап. Конституциялық Соттың қосымша шешімі
61-бап. Конституциялық Соттың шешiмiн қайта қарау
62-бап. Конституциялық Сот шешiмiнiң заңдық күшi
63-бап. Конституциялық Соттың қорытынды шешiмдерiн қабылдау салдары
64-бап. Конституциялық Соттың шешімдерін қолданысқа енгізу және орындау
65-бап. Конституциялық Соттың шешімдерін жолдау және жариялау
67-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен бүкіл мәтін бойынша «жолданым», «жолданымдардың», «жолданымдарын», «жолданымдары», «жолданымы», «жолданымды», «Жолданымның», «жолданымның», «Жолданымдарды», «жолданымының», «жолданымда», «Жолданымды», «жолданымдар», «Жолданымда», «жолданымында», «Жолданымға», «жолданымын», «ЖОЛДАНЫМДАРДЫ», «Жолданым», «жолданымдарды» деген сөздер тиісінше «өтініш», «өтініштердің», «өтініштерін», «өтініштері», «өтініші», «өтінішті», «Өтініштің», «өтініштің», «Өтініштерді», «өтінішінің», «өтініште», «Өтінішті», «өтініштер», «Өтініште», «өтінішінде», «Өтінішке», «өтінішін», «ӨТІНІШТЕРДІ», «Өтініш», «өтініштерді» деген сөздермен ауыстырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТЫ
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1-бап өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының мәртебесі
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты (бұдан әрі - Конституциялық Сот) - конституциялық бақылауды жүзеге асыратын және елдің бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік орган.
Конституциялық Сот өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде дербес және азаматтардан, ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, лауазымды және өзге де адамдардан тәуелсіз, Қазақстан Республикасының Конституциясын және осы Конституциялық заңды басшылыққа алады, соттардың немесе басқа да мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін барлық жағдайларда өзге мәселелерді анықтаудан, зерттеуден және тексеруден қалыс қалады.
2-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сот туралы заңнамасы
1. Конституциялық Соттың мәртебесі, құзыреті, ұйымдастырылуы және қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда айқындалады және реттеледі.
2. Өз қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібі мәселелері бойынша Конституциялық Сот осы Конституциялық заң негізінде Конституциялық Соттың регламентін және өзге де актілерді қабылдайды.
3-бап. Конституциялық Соттың құрамы және оны құру тәртібі
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Конституциялық Сот Төраға мен он судьядан тұрады.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Конституциялық Сот Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және ол өкілеттік мерзімі ішінде Конституциялық Сот судьясы да болады.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Конституциялық Сот судьялары арасынан Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Конституциялық Сот судьяларын депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Қазақстан Республикасы Құрылтайының келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
2-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ СУДЬЯЛАРЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-бап. Конституциялық Сот судьяларына қойылатын талаптар
1. Конституциялық Сот судьялары - жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, олардың мәртебесі мен өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда айқындалады.
2. Конституциялық Сот судьяларының саяси партияда, кәсіптік одақта болуға, қандай да бір саяси партияға немесе қоғамдық-саяси қозғалысқа қолдау көрсетуге немесе сыни пікір білдіруге құқығы жоқ.
3. Конституциялық Сот судьясының депутат мандатын қатар алып жүруіне, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруына, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ коммерциялық ұйымның басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруіне болмайды.
Егер Конституциялық Сот судьясы лауазымға тағайындалған кезде саяси партияда, кәсіптік одақта болса, ол тағайындалған күнінен бастап он күн ішінде олардан шытуға міндетті.
5-бап. Конституциялық Сот судьясына кандидаттарға қойылатын талаптар
Конституциялық Соттың құрамына қырық жасқа толған, жоғары заң білімі, құқық саласында жоғары біліктілігі, мінсіз беделі және заң кәсібі бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматы тағайындала алады.
6-бап. Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Конституциялық Сот Төрағасы мен судьяларының өкілеттігі сегіз жылға созылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес бір адам бір реттен артық Конституциялық Сот Төрағасы немесе Конституциялық Сот судьясы болып тағайындалмайды.
2. Өз өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда Конституциялық Соттың Төрағасы мен судьялары Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен ауыстырылады.
7-бап. Конституциялық Сот судьяларының анты
Конституциялық Соттың судьялары өздері тағайындалғаннан кейін мынадай мазмұнда ант береді: «Өзiме жүктелген Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы мәртебелі мiндетiн адал әрі әділ атқаруға, турашыл болуға және өз қызметімде Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана бағынуға, оның үстемдігін қамтамасыз етуге салтанатты түрде ант етемiн.».
Конституциялық Сот судьяларының анты Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен қабылданады.
8-бап. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігін тоқтата тұру
1. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігі, егер:
1) судья денсаулық жағдайы бойынша қатарынан күнтізбелік алпыс күннен астам уақыт өз міндеттерін орындауға уақытша жарамсыз болған;
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңда белгіленген тәртіппен оны ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім берілген;
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) сот оны хабарсыз кеткен деп тану туралы іс қозғаған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Президенті Конституциялық Сот Төрағасының өкілеттігін тоқтата тұрады немесе қайта бастайды.
Конституциялық Сот Төрағасы Қазақстан Республикасының Президентін хабардар ете отырып, Конституциялық Сот Төрағасы орынбасарының өкілеттігін тоқтата тұрады немесе қайта бастайды.
Конституциялық Сот Төрағасы Конституциялық Соттың өзге де судьяларының өкілеттігін тоқтата тұрады немесе қайта бастайды.
Өкілеттіктерді тоқтата тұру туралы шешім өкілеттіктерді тоқтата тұруға негіздер анықталған күннен бастап он күннен кешіктірілмей қабылданады.
3. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігі оны тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлар тоқтатылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
4. Өкілеттігі тоқтатыла тұрған Конституциялық Сот судьясы Конституциялық Соттың отырыстарына қатысуға және Конституциялық Сот судьясының өзге де міндеттерін орындауға құқылы емес.
Кворумды айқындау кезінде өкілеттіктері тоқтатыла тұрған судьялар есепке алынбайды.
5. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігін тоқтата тұру оны осы Конституциялық заңда белгіленген кепілдіктерінен айырмайды.
9-бап. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігін тоқтату
1. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігі:
1) лауазымнан өз еркі бойынша босату туралы өтініштің берілуі;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату немесе тұруға ықтиярхат не шет мемлекеттің аумағында тұрақты тұру құқығын растайтын өзге де құжатты алу;
3) оған қатысты соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі;
4) соттың заңды күшіне енген шешімімен оның әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылуы;
5) соттың заңды күшіне енген шешімімен оның хабарсыз кетті деп танылуы;
6) оның қайтыс болуы немесе соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жариялануы;
7) Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгіленген талаптар бұзыла отырып тағайындалуы;
8) Конституциялық Сот судьяларына белгіленген Қазақстан Республикасының Конституциясы мен осы Конституциялық заң талаптарының бұзылуы;
9) Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің аяқталуы;
10) судьяның Конституциялық Соттың отырыстарына дәлелді себептерсіз қатарынан кемінде үш рет қатыспауы салдарынан тоқтатылады.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Президенті Конституциялық Сот Төрағасы мен судьяларының өкілеттігін тоқтатады.
Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті Конституциялық Сот Төрағасы орынбасарының өкілеттігін тоқтатады.
3. 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын лауазымынан босату оның Конституциялық Соттың судьясы ретіндегі өкілеттігін тоқтатуға алып келмейді.
3-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ СУДЬЯЛАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕПІЛДІКТЕРІ
10-бап. Конституциялық Сот судьяларының тәуелсіздігі
1. Конституциялық Соттың судьялары өз міндеттерін орындау кезінде тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға ғана бағынады. Олардың қызметіне қандай да болсын араласуға, сондай-ақ оларға қандай да бір нысанда қысым жасауға немесе өзге де ықпал етуге жол берілмейді және бұл заң бойынша жауаптылыққа алып келеді.
2. Конституциялық Соттың судьялары конституциялық іс жүргізу мәселелері бойынша есеп бермейді. Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мәселелері бойынша олардан есеп талап етуге ешкім құқылы емес.
3. Конституциялық Соттың судьяларына, Конституциялық Соттың отырысынан басқа кезде, Конституциялық Соттың қарауының нысанасы болып табылатын мәселелер бойынша пікір білдіруге немесе материалдар мазмұнын жария етуге тыйым салынады.
4. Конституциялық Соттың судьялары өкілеттік мерзімі ішінде ауыстырылмайды. Конституциялық Сот судьяларының өкілеттігі осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда ғана тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін.
5. Конституциялық Соттың судьясы, егер Конституциялық Соттың қарауындағы мәселеге Конституциялық Сот судьясы жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі деп есептеуге негіз беретін мән-жайлар болған жағдайда бас тартатынын мәлімдеуге міндетті, мұны Конституциялық Сот қанағаттандыруы тиіс.
6. Конституциялық Соттың судьясы, сотта немесе өзге де мемлекеттік органдарда заңды өкілдіктен басқа, қорғауды немесе өкілдікті жүзеге асыруға құқылы емес.
11-бап. Конституциялық Сот судьяларына ешкімнің тиіспеушілігі
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Конституциялық Сот Төрағасы мен судьяларын қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда жерде ұстау жағдайларын қоспағанда, оларды өз өкілеттігі мерзімі ішінде тиісінше Президенттің не Құрылтайдың келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, үйқамаққа алуға, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталу себебі Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелгеннен кейін Конституциялық Сот Төрағасына немесе судьясына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімімен ғана жалғастырылуы мүмкін, ол тиісінше Қазақстан Республикасының Президентіне немесе Құрылтайға Конституциялық Сот Төрағасын немесе судьясын ұстауға, қамауда ұстауға, күштеп әкелуге, қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы ұсыну енгізеді. Конституциялық Соттың Төрағасы немесе судьясы қылмыс орнында ұсталған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін, бірақ ол бір тәулік ішінде міндетті түрде хабардар етіле отырып жалғастырылуы мүмкін. Істі тергеп-тексеру барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.
Конституциялық Сот судьясына қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының санкциясымен жүргізіледі.
3. Конституциялық Соттың судьялары тәртiптiк жауапкершілікке тартылмайды.
4. Конституциялық Сот судьясын, егер осы Конституциялық заңға сәйкес оның өкілеттігі тоқтатыла тұрмаса, Конституциялық Соттың отырысына қатысудан шеттетуге ешкім құқылы емес.
5. Конституциялық Соттың судьясын, оның ішінде оның өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін, істі Конституциялық Сотта қарау кезінде өзі білдірген позициясы үшін жауаптылыққа тартуға болмайды.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6. Конституциялық Сот Төрағасы мен судьяларының қол сұғылмау кепілдігінен айыруды тиісінше Қазақстан Республикасының Президенті не Құрылтай жүзеге асырады.
12-бап. Конституциялық Сот судьялары құқықтарының теңдігі
Конституциялық Соттың судьялары Конституциялық Соттың іс жүргізуіндегі істерді қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау кезінде, осы Конституциялық заңның 58-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, тең құқықтарға ие болады.
13-бап. Конституциялық Сот судьяларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Конституциялық Соттың судьялары, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ олардың мүлкі мемлекеттің қорғауында болады.
Егер судьядан тиісті өтініш келіп түссе, ішкі істер органдары Конституциялық Соттың судьясы мен оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін, оларға тиесілі мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге уақтылы және түпкілікті шаралар қолдануға міндетті.
Конституциялық Соттың судьясына және оның мүлкіне кәсіптік қызметіне байланысты келтірілген зиян республикалық бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
14-бап. Конституциялық Соттың судьяларын материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Конституциялық Соттың Төрағасына, Төрағасының орынбасарына және судьяларына жалақы Қазақстан Республикасы Конституциясының 65-бабының 8) тармақшасында көзделген тәртіппен белгіленеді.
2. Конституциялық Соттың Төрағасын тұрғын үймен, көлікпен және өзге де қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету және санаториялық-курорттық емдеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары деңгейінде, Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын - Премьер-Министрінің Орынбасары деңгейінде, Конституциялық Соттың судьяларын - Министрі деңгейінде жүзеге асырылады.
3. Конституциялық Соттың судьяларына сауықтыруға екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күн болатын жыл сайынғы демалыс беріледі.
4. Егер Конституциялық Соттың судьясы мен оның отбасы мүшелері басқа жерде тұрып жатқан болса, Конституциялық Соттың судьясы мен оның отбасы мүшелеріне көшу бойынша шығыстары өтеледі.
5. Конституциялық Соттың орналасқан жерінде тұрғын үйі болмаған жағдайда Конституциялық Соттың судьяларын тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Конституциялық Соттың судьясы мен оның отбасы мүшелеріне кезектен тыс тәртіппен, бірақ лауазымға тағайындалған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей, Конституциялық Соттың судьясын тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж азаматтар санатына жатқызуды болғызбайтын нормалар бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан жайлы тұрғын үй-жай беріледі. Конституциялық Соттың судьясы тұрақты тұрып жатқан қызметтік тұрғын үй-жай тұрғын үйі болмаған жағдайда оның қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекешелендірілуі мүмкін.
6. Конституциялық Соттың судьялары республикалық бюджет қаражаты есебінен мантиямен және төсбелгімен қамтамасыз етіледі.
7. Конституциялық Соттың судьялары және олармен бірге тұратын отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі.
2023.20.04. № 225-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Қазақстан Республикасы Конституциясында белгіленген лауазымға болу мерзімінің аяқталуына байланысты өкілеттігі тоқтатылған, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған Конституциялық Соттың судьясына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз жиырма еселенген мөлшерінде салық салынбайтын ай сайынғы өмір бойғы қамтылым төленеді. Бұл ретте Конституциялық Соттың судьясы өз қалауы бойынша мынадай төлемдердің бірін алуға құқылы:
1) ай сайынғы өмір бойғы қамтылым;
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері.
Конституциялық Соттың судьясына ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
9. Конституциялық Соттың судьясына ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеу, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметпен айналысумен байланысты лауазымды қоспағанда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан ақы төленетін лауазыммен айналысқан жағдайда тоқтатыла тұрады.
Республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан ақы төленетін лауазыммен айналысу тоқтатылған жағдайда, Конституциялық Соттың судьясына ай сайынғы өмір бойғы қамтылым төлеу қайта басталады.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
10. Осы Конституциялық заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетілмеген, судьяға байланысты емес және теріс сипаты жоқ өзге де негіздер бойынша өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған Конституциялық сот судьясына Конституциялық Соттағы судьялық жұмыс өтілі кемінде үш жыл болған кезде бір айлық орташа жалақы мөлшерінде жұмыстан шыту жәрдемақысы төленеді.

Добавить в список основных источников в Google