Все сервисы
Zanger
Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 11-1-4/327 бұйрығы
(2025.24.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2026 жылғы 8 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидалары, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрі |
М. Нұртілеу |
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2024.31.12. № 11-1-4/746 бұйрығымен тәртібі жаңа редакцияда (2025 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер Министрі
2023 жылғы 26 маусымдағы
№ 11-1-4/327 бұйрығымен
бекітілген
Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидалары, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер

Добавить в список основных источников в Google