Все сервисы
Zanger
Соттардың ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау жөніндегі заңнаманы қолдану туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2026 жылғы 20 мамырдағы № 3 Нормативтік қаулысы
Соттардың ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы заңнама нормаларын қолдануының біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірмелер беруге ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1-тармақ 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі - Конституция) 20-бабының 1-тармағына сәйкес адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайды және олар заңмен қорғалады. Конституция, мемлекеттік құпияларды қоспағанда, сөз еркіндігіне және еркін ақпарат алу және тарату құқығына кепілдік береді, заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен іске асырылады. Сөз еркіндігі және ақпарат тарату еркіндігі басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысына нұқсан келтірмеуге, қоғамдық тәртіпті бұзбауға тиіс. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру басқа тұлғаның құқықтарын бұзбауға және бостандықтарын шектемеуге тиiс, конституциялық құрылыс негіздеріне, қоғамдық тәртіпке, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысына нұқсан келтiрмеуге тиiс.
Соттар ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы істерді қарау кезінде көрсетілген нормаларды ескере отырып, конституциялық құқықтар арасындағы: бір жағынан азаматтар мен заңды тұлғалардың ар-намысын, қадір-қасиетін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 143-бабына сәйкес іскерлік беделді қорғау құқығы және екінші жағынан сөз еркіндігі құқығы, заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алу және тарату құқығы арасындағы әділ теңгерімді қамтамасыз етуге тиіс.

Добавить в список основных источников в Google