Все сервисы
Zanger
Су тұтыну мен су бұрудың ірілендірілген нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 9 қыркүйектегі № 288-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 42-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған су тұтыну мен су бұрудың ірілендірілген нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық нұсқасын ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі |
Н. Нуржигитов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрінің
2026 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 288-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Су тұтыну мен су бұрудың ірілендірілген нормалары
1-бөлім. Ауыл шаруашылығындағы суды тұтыну мен су бұрудың ірілендірілген нормалары
1-кесте
Қазақстан Республикасы аумағы ылғалдылығының агроклиматтық аймақтары

Добавить в список основных источников в Google