Все сервисы
Zanger
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 2 ақпандағы № 8 бұйрығы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 41 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28338 болып тіркелген);
2) «2021 - 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 41 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 162 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33445 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Демо – версия документа