Все сервисы
Zanger
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциялардың ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және иригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Төрағасының м.а. 2024 жылғы 23 шілдедегі № 1-НҚ бұйрығы
(2026.11.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Су ресурстары және иригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Төрағасының м.а. 2025.21.08. № 2-НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің 2024 жылғы 16 шілдедегі № 115-НҚ бұйрығының 19-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Су ресурстары және иригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Төрағасының м.а. 2025.21.08. № 2-НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік су инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік су инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

Добавить в список основных источников в Google