Все сервисы
Zanger
«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 301 Қаулысы
(2026.02.03. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, 39-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдардың құрылымы мен штат санының лимиттері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 шілдедегі № 163 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 7 қарашадағы № 274 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы бекітілсін.
3. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Мыналардың:
Демо – версия документа