Все сервисы
Zanger
2026 жылға мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 ақпандағы № 126 Қаулысы
Осы редакция 2026 жылғы 22 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 141-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2026 жылға мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Үкіметінің
2026 жылғы 26 ақпандағы
№ 126 қаулысымен
бекітілген
2026 жылға мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз
қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың
тізбесі
| Р/с № | Жобаның атауы | Жобаның жалпы құны | Іске асыру кезеңі (жылдар) | Мемлекеттік кепілдіктің мөлшері | Қарыз алушы | Әлеуетті қарыз беруші |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1. | Қарағанды қаласындағы аэрация станциясының кәріз тазарту құрылысжайларын реконструкциялау | 56263704200 теңге | 2026 - 2040 жылдар | 50289331600 теңгеге дейін (қарыз валютасына баламалы) | «Қарағанды Cу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Еуропа Қайта Құру және Даму банкі |
| 2. | Инклюзивті және жасыл тұрғын үйді қаржыландыруға жәрдемдесу | 90000000000 теңге | 2026 - 2045 жылдар | 90000000000 теңгеге дейін | «Отбасы Банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы | Азия Даму Банкі |
| 3. | Б. Қонысбаев атындағы өткізу пункті арқылы Өзбекстан Республикасына шығатын Сарыағаш қаласының айналма жолын салу | 237396000 000 теңге | 2026 - 2049 жылдар | 201786600000 теңгеге дейін (қарыз валютасына баламалы) | «ҚазАвтоЖол»ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы | Азия Даму Банкі |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |

Добавить в список основных источников в Google