Все сервисы
Zanger
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 18 бұйрығы
(2023.11.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 жылғы 7 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023.26.01. № 42 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023.26.01. № 42 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 9) тармақшасына, 29-бабының 7 және 8-тармақтарына, 31-бабының 4-тармағына, 34-бабының 10-тармағына және 54-1-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023.26.01. № 42 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сыбайлас жемкорлыққа қарсы қызметтегі кадрмен қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасы нәтижелерін бағалау әдістемесі;
2) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023.26.01. № 42 бұйрығымен күші жойылды (2023 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Добавить в список основных источников в Google