Все сервисы
Zanger
Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 9 бұйрығы
(2019.09.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 370/НҚ бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019.09.01. № 3 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 63) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019.09.01. № 3 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің анықтығын тексеру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

Добавить в список основных источников в Google