Все сервисы
Zanger
Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 798 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 786 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 130-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілсін.
2. «Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 1290 бұйрығы күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілінде көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2024 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 798 бұйрығымен
бекітілген
Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің
тізбесі
| № | Салық төлеушінің атауы | Бизнес-сәйкестендіру нөмірі |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы | 940140000385 |
| 2. | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы | 020240000555 |
| 3. | «КТЖ-ГРУЗОВЫЕ ПЕРЕВОЗКИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 031040001799 |
Документ утратил силу
Демо – версия документа