Все сервисы
Zanger
Ырғыз ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 175 Қаулысы
(2024.01.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 17 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (Салық Кодексі)» Кодексінің 529 бабының 6-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Ырғыз ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Ырғыз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 184 «Ырғыз ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-5-202 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысы;
Редакция документа
Демо – версия документа