Все сервисы
Zanger
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, прокуратура органының тиісті талабы немесе сұрау салуы, сотқа дейінгі басталған тергеп-тексеру шеңберінде шығарылған қаулы, сондай-ақ соттың ұйғарымы бойынша тексеруге қатысу және қорытынды беру үшін кезектілік пен өңірлік ұсынылу қағидаттарын сақтай отырып, аудиторлық ұйымдарды (аудиторларды), аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесінен аудиторлық ұйымды (аудиторды) айқындау туралы»» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 1143 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 17 ақпандағы № 106 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. ««Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, прокуратура органының тиісті талабы немесе сұрау салуы, сотқа дейінгі басталған тергеп-тексеру шеңберінде шығарылған қаулы, сондай-ақ соттың ұйғарымы бойынша тексеруге қатысу және қорытынды беру үшін кезектілік пен өңірлік ұсынылу қағидаттарын сақтай отырып, аудиторлық ұйымдарды (аудиторларды), аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесінен аудиторлық ұйымды (аудиторды) айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 1143 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, прокуратура органының тиісті талабы немесе сұрау салуы, сотқа дейінгі басталған тергеп-тексеру шеңберінде шығарылған тиісті қаулы, сондай-ақ соттың тиісті ұйғарымы бойынша тексеруге қатысу және қорытынды беру үшін кезектілік және өңірлік ұсынылу қағидаттарын сақтай отырып, аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Добавить в список основных источников в Google