Все сервисы
Zanger
Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 11/67 шешімі
Осы редакция 2026 ж. 24 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Осы шешімге 1 қосымшаға сәйкес Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
2.Осы шешімге 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Ақтау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы | С. Закенов |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы» мемлекеттік мекемесі
2024 жылғы 28 наурыздағы
№ 11/67 шешіміне 1 қосымша
Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері мен тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақтау қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):