Введите номер документа
Прайс-лист

«Kaspi Bank» АҚ постоматтары арқылы «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметінің нәтижелерін беру жөніндегі пилоттық жобаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 28 қаңтардағы № 35/НҚ және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 2 ақпандағы № 105 бірлескен бұйрығы

Информация о документе
Датасреда, 28 января 2026
Статус
Действующийвведен в действие с 23 февраля 2026
Дата последнего изменениясреда, 28 января 2026

«Kaspi Bank» АҚ постоматтары арқылы «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметінің нәтижелерін беру жөніндегі пилоттық жобаны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 28 қаңтардағы № 35/НҚ және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 2 ақпандағы № 105 бірлескен бұйрығы

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Көрсетілетін қызметті алушылардың дайын құжатты өз бетінше алу мүмкіндігін беру мақсатында «Kaspi Bank» АҚ постоматтары арқылы туу туралы куәлікті беру жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу.

2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Kaspi Bank» АҚ постоматтары арқылы «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметінің нәтижелерін беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың қоса беріліп отырған алгоритмі бекітілсін.

3. Осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

4. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

2) осы бірлескен бұйрыққа мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберу Қазақстан Республикасының құқықтық актілері.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами