Все сервисы
Zanger
2026 - 2028 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 35/310 шешімі
(2026.01.01. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2026.26.02. № 37/335 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2026 - 2028 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 54 210 341,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 52 141 314,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 145 637,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 782 621,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша -1 140 769,0 мың теңге;
2) шығындар -53 623 749,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу -91 866,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 138 400,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 46 534,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 800 000 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 800 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -305 274,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 305 274,0 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері - 138 400,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 524 570,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 691 444,0 мың теңге.
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2026.26.02. № 37/335 шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. 2026 жылға арналған қалалық бюджеттен ауылдардың бюджеттеріне 3 344 370,0 мың теңге сомасында субвенция бөлінгені ескерілсін, оның ішінде:
Демо – версия документа