Все сервисы
Zanger
Ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестіктігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/69 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 16 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасында сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев
«____» ___________ 2015 жылы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
1 сәуір 2015 жылы

Добавить в список основных источников в Google