Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция
Старая версия сайта

«Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 7 шілдедегі № 335-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 7 шілдедегі № 335-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)
Датавторник, 7 июля 2026
Статус
Не введен в действиевводится в действие с 7 сентября 2026

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы

 

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасы

3-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы объектілер мен субъектілер

4-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызмет түрлері

2-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

5-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы құзыреті

7-бап. Мемлекеттік органдардың радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы құзыреті

8-бап. Жергілікті атқарушы органдардың радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы құзыреті

9-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметті лицензиялау

10-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қызметті мемлекеттік бақылау мен қадағалау

11-бап. Радиоактивті қалдықтарды мемлекеттік есепке алу жəне бақылау

12-бап. Радиоактивті қалдықтарды сыныптау

13-бап. Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды радиоактивті қалдықтар санатына ауыстыру

14-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін санаттарға бөлу

3-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШАРТТАРЫ МЕН ТƏРТІБІ

15-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары

16-бап. Радиоактивті қалдықтарды түзушілер

17-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ұлттық оператор

18-бап. Радиоактивті қалдықтарды ұлттық операторға көму үшін беру тəртібі

19-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті қаржыландыру

20-бап. Авариялық əзірлік жəне ден қою

21-бап. Радиоактивті қалдықтарды жəне радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін физикалық тұрғыдан қорғау

22-бап. Радиоактивті қалдықтарды елге əкелу жəне елден əкету шарттары

23-бап. Радиоактивті қалдықтардың трансшекаралық орнын ауыстыру

24-бап. Радиоактивті қалдықтарды, сондай-ақ радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін тіркеу

4-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ

25-бап. Радиоактивті қалдықтарды жинау, қайта өңдеу, кондиционерлеу

26-бап. Радиоактивті қалдықтарды сақтау

27-бап. Радиоактивті қалдықтарды тасымалдау

28-бап. Радиоактивті қалдықтарды көму

29-бап. Тарихи радиоактивті қалдықтармен жəне ядролық мұра объектілерімен жұмыс істеу

30-бап. Уранды өндіру жəне қайта өңдеу кезінде түзілетін радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу

5-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛІ

31-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін орналастыру ауданы жəне оларды салу туралы шешімдер

32-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін орналастыру

33-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін жобалау жəне салу

34-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін пайдалануға беру жəне пайдалану

35-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін пайдаланудан шығару жəне радиоактивті қалдықтарды көму пункттерін жабу

6-тарау. ЖЕКЕ ЖƏНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ

36-бап. Жеке жəне заңды тұлғалардың радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы құқықтары

37-бап. Қоғамдық бірлестіктердің жəне өзге де коммерциялық емес ұйымдардың радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты мəселелерді шешу кезіндегі құқықтары

7-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

38-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырудың мақсаты мен құқықтық негізі

39-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы халықаралық ынтымақтастық

8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

40-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауаптылық

41-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі

 

 

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) қауіпсіздік тосқауылы - радионуклидтердің жəне (немесе) иондандырушы сəулеленудің қоршаған ортаға таралуына кедергі келтіретін радиоактивті қалдықтардың қаптамасы, радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттерінің, радиоактивті қалдықтарды көму пункттерінің, радиоактивті қалдықтар қоймаларының, радиоактивті қалдықтардың қалдық қоймаларының инженерлік конструкциясы немесе табиғи геологиялық түзілім элементі;

2) радиоактивті қалдықтар - құрамында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген алып қою деңгейінен жоғары радионуклидтер бар, жер қойнауынан алынған жəне үйінділер мен қалдық қоймаларына жинап қойылатын, одан əрі пайдаланылуы көзделмейтін материалдар мен заттар, бұйымдар мен жабдықтар, сондай-ақ тау жыныстары, кендер мен қалдықтар;

3) радиоактивті қалдықтарды кондиционерлеу - радиоактивті қалдықтарды көму үшін оларды қолайлылық өлшемшарттарына сəйкес келетін физикалық пішін мен күйге келтіру жөніндегі технологиялық операциялар;

4) радиоактивті қалдықтарды көму (бұдан əрі - көму) - радиоактивті қалдықтарды кейіннен алу ниетінсіз радиоактивті қалдықтарды көму пунктіне қауіпсіз орналастыру;

5) радиоактивті қалдықтарды көму пункті (бұдан əрі - көму пункті) - радиоактивті қалдықтарды кейіннен алу ниетінсіз оларды орналастыруға арналған радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісі;

6) радиоактивті қалдықтарды көму үшін олардың қолайлылық өлшемшарттары (бұдан əрі - қолайлылық өлшемшарттары) - радиоактивті қалдықтарды көму үшін белгіленетін, олардың физикалық-химиялық қасиеттеріне қойылатын талаптар;

7) радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу - кейіннен қауіпсіз жұмыс істеу үшін радиоактивті қалдықтарды дезактивациялау (жойылатын радионуклидтерді бөлу) жəне (немесе) олардың көлемін барынша азайту жəне (немесе) сипаттамаларын өзгерту жөніндегі технологиялық операциялар;

8) радиоактивті қалдықтарды сақтау (бұдан əрі - сақтау) - радиоактивті қалдықтармен одан əрі жұмыс істеу үшін оларды кейіннен алу мүмкіндігін көздейтін, оларды сақтау пунктіне, сақтау қоймасына немесе қалдық қоймасына қауіпсіз орналастыру;

9) радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймасы (бұдан əрі - сақтау қоймасы) - жобалау құжаттамасында белгіленген мерзім ішінде аралық сақтауға арналған, радиоактивті қалдықтармен одан əрі жұмыс істеу үшін оларды кейіннен алуды көздейтін радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісі (оның ішінде бөлінген алаң);

10) радиоактивті қалдықтарды сақтау пункті (бұдан əрі - сақтау пункті) - радиоактивті қалдықтармен одан əрі жұмыс істеу үшін оларды кейіннен алу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, жобалау құжаттамасында белгіленген мерзім ішінде оларды уақытша орналастыруға арналған радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісі;

11) радиоактивті қалдықтарды түзушілер - қызметінің нəтижесінде радиоактивті қалдықтар түзілетін жеке немесе заңды тұлғалар;

12) радиоактивті қалдықтардың қалдық қоймасы (бұдан əрі - қалдық қоймасы) - минералдық шикізатты жəне тау-кен жұмыстарын (қалдықтар мен үйінділерді) қайта өңдеу кезінде пайда болатын радиоактивті қалдықтармен одан əрі жұмыс істеу үшін оларды кейіннен алу мүмкіндігімен ұзақ уақыт орналастыруға арналған радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісі;

13) радиоактивті қалдықтардың ықтимал қауіптілік кезеңі - радиоактивті қалдықтардың үлестік активтілігі радиациялық бақылау талап етілмейтін көрсеткіштерге дейін төмендейтін уақыт кезеңі;

14) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу - радиоактивті қалдықтарды жинауға, қайта өңдеуге, кондиционерлеуге, тасымалдауға, сақтауға жəне көмуге байланысты қызмет түрлері;

15) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ұлттық оператор (бұдан əрі - ұлттық оператор) - радиоактивті қалдықтарды көму жөніндегі өкілеттіктер берілген, сондай-ақ осы Заңға сəйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;

16) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы физикалық тұрғыдан қорғау (бұдан əрі - физикалық тұрғыдан қорғау) - радиоактивті қалдықтарға жəне радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілеріне қатысты рұқсат етілмеген əрекеттерді болғызбау мақсатында жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, инженерлік жəне техникалық шаралар жиынтығы;

17) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілері - радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеуге, кондиционерлеуге, тасымалдауға, сақтауға жəне (немесе) көмуге арналған арнаулы құрылысжайлар (немесе кешендер) жəне өзге де инженерлік конструкциялар;

18) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісін пайдаланудан шығару - сақтау қоймалары мен көму пункттерін қоспағанда, объектіні радиациялық қауіпсіздік бойынша шектеулер белгілеуді талап етпейтін жəне халық пен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін жағдайға келтіруге бағытталған радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісінің өмірлік цикл кезеңі;

19) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісінің өмірлікциклі - радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісін орналастыруды, инженерлік ізденістерді, жобалауды, салуды, пайдалануға беруді, пайдалануды, пайдаланудан шығаруды (жабуды), сондай-ақ ядролық, радиациялық, ядролық физикалық жəне экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын пайдаланудан кейінгі мониторингтеу мен бақылауды қамтитын оның өмір сүру кезеңдерінің дəйектілігі;

20) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы уəкілетті орган (бұдан əрі - уəкілетті орган) - радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

21) тарихи радиоактивті қалдықтар - ядролық мұраға жататын, 1992 жылға дейін түзілген жəне меншік иесі жоқ радиоактивті қалдықтар.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Қазақстан Республикасының Экология кодексінен, «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен, халықаралық шарттық міндеттемелерінен тұрады.

2. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттардың қолданылу тəртібі заңдарда айқындалады.

 

3-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы объектілер мен субъектілер

1. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы объектілер:

1) радиоактивті қалдықтар;

2) сақтау қоймалары;

3) қалдық қоймалары;

4) сақтау пункттері;

5) көму пункттері;

6) радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу жəне (немесе) кондиционерлеу қондырғылары;

7) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу процесінде пайдаланылатын өзге де объектілер.

2. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы субъектілер:

1) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғалар;

2) орталық мемлекеттік органдар жəне жергілікті мемлекеттік басқару органдары.

 

4-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызмет түрлері

1. Осы Заң радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мынадай қызмет түрлеріне қолданылады:

1) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін орналастыруды, салуды, пайдалануға беруді, пайдалануды, пайдаланудан шығаруды жəне жабуды, сондай-ақ ядролық, радиациялық жəне экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын пайдаланудан кейінгі мониторингтеу мен бақылауды қоса алғанда, олардың өмірлік циклінің кезеңдері;

2) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, сондай-ақ радиоактивті қалдықтарды беру жəне қабылдау;

3) ғылыми-зерттеу, жобалау, тəжірибелік-конструкторлық, инженерлік жəне сараптамалық жұмыстар жүргізуді, жабдықтарды дайындауды, жеткізуді жəне оларға техникалық қызмет көрсетуді, радиациялық бақылауды жүзеге асыруды, радиоактивті қалдықтарды физикалық тұрғыдан қорғауды қамтамасыз етуді, есепке алу мен бақылау жүргізуді, персоналды даярлауды, оқытуды жəне аттестаттауды қоса алғанда, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы жұмыстарды орындау жəне қызметтер көрсету, сондай-ақ ядролық жəне радиациялық қауіпсіздікке əсер ететін өзге де жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;

4) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы өзге де қызмет түрлері.

 

 

2-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

 

5-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары

1. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты - ядролық, радиациялық, ядролық физикалық жəне экологиялық қауіпсіздікті, қазіргі жəне болашақ ұрпақтың өмірі мен денсаулығын радиациялық əсерден қорғауды жəне радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде қоршаған ортаны радиоактивті ластанудан қорғауды қамтамасыз ету.

2. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері:

1) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру;

2) мемлекеттің радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін орындау;

3) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласында тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру;

4) радиоактивті қалдықтардың барлық түрлерімен жұмыс істеудің тиімді жүйесін ұйымдастыру;

5) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу үшін пайдаланылатын алаңдарды оңтайландыру;

6) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;

7) радиоактивті қалдықтарды қауіпсіз сақтау мен көмуге уақтылы орналастыруды қамтамасыз ету;

8) Қазақстан Республикасының ядролық жəне радиациялық қауіпсіздік кепілдіктері жəне радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету.

3. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары:

1) қауіпсіздік қағидаты - персоналдың, халықтың өмірі мен денсаулығын жəне қоршаған ортаны қорғаудың радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қызметтің барлық өзге аспектілерінен басымдығы;

2) жауаптылық қағидаты - радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу субъектілерінің радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жауаптылығы;

3) барынша азайту қағидаты - радиоактивті қалдықтардың түзілуін жəне жинақталуын іс жүзінде қол жеткізуге болатын ең төмен деңгейде шектеу;

4) оңтайландыру қағидаты - экономикалық жəне əлеуметтік факторларды ескере отырып, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде олардың əсерін ақылға қонымды, қол жеткізуге болатын төмен деңгейге дейін азайту;

5) ұрпақтардың өзара байланысы қағидаты - қазіргі ұрпақтың радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты болашақта ауыртпалықты болашақ ұрпаққа негізсіз жүктеуден оларды қорғау;

6) радиоактивті қалдықтарды түзушінің жауаптылық қағидаты - радиоактивті қалдықтарды түзушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес радиоактивті қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу, оларды сақтау жəне көму жөніндегі жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз ету міндеті.

 

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласында:

1) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын əзірлейді жəне олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

2) радиоактивті қалдықтарды көму пункттерін орналастыру ауданы жəне оларды салу туралы шешім қабылдайды;

3) тарихи радиоактивті қалдықтарды сақтау пунктін көму пунктіне ауыстыру туралы шешім қабылдайды;

4) көму пункттерін мерзімінен бұрын жабу немесе жабу туралы шешім қабылдайды;

5) көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын бекітеді;

6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

7-бап. Мемлекеттік органдардың радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы құзыреті

1. Уəкілетті орган радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы өз құзыреті шегінде:

1) стратегиялық, реттеушілік, іске асыру жəне бақылап-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;

2) мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары жəне мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі əзірлеген негізгі бағыттары негізінде жəне оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;

3) осы Заңда белгіленген негізгі мақсатқа, міндеттер мен қағидаттарға сəйкес радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, техникалық регламенттерді, нормативтік-техникалық құжаттарды əзірлейді жəне бекітеді;

4) ұлттық операторды айқындайды жəне ол туралы ережені бекітеді;

5) ұлттық оператордың қызметін қаржыландыру тəртібін, тетігі мен көздерін айқындайды;

6) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

7) Қазақстан Республикасының Үкіметіне:

көму пункттерін орналастыру ауданы жəне оларды салу;

тарихи радиоактивті қалдықтарды сақтау пунктін көму пунктіне ауыстыру;

көму пункттерін мерзімінен бұрын жабу немесе жабу туралы ұсыныстар енгізеді;

8) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

9) қолайлылық өлшемшарттарын əзірлейді жəне бекітеді;

10) радиоактивті қалдықтарды есепке алу мен бақылау қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

11) қалдық қоймаларын, сақтау пункттерін немесе көму пункттерін орналастыру, салу, пайдалану, пайдаланудан шығару немесе жабу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды əзірлейді жəне бекітеді;

12) жинау, тасымалдау, сақтау жəне көму қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

13) сақтау пункттерінің жəне көму пункттерінің қауіпсіздігін талдау жөніндегі есептерді дайындау мен ұсыну қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

14) радиоактивті қалдықтарды тасымалдауды қоса алғанда, радиоактивті қалдықтарды жəне олармен жұмыс істеу объектілерін физикалық тұрғыдан қорғау қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

15) радиоактивті қалдықтарды көмуге беру қағидалары мен көму қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

16) көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын əзірлейді;

17) жабылған көму пункттерін мониторингтеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

18) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қызметті мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

19) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерінің кадастрын жүргізеді;

20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың персоналын аттестаттаудан өткізеді;

21) осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган Қазақстан Республикасының экология заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде:

1) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін Қазақстан Республикасының экология заңнамасында көзделген жағдайларда жəне тəртіппен мемлекеттік экологиялық сараптау мен экологиялық бағалауды ұйымдастырады жəне жүргізеді;

2) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілеріне қатысты экологиялық рұқсаттар береді;

3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган:

1) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы санитариялық қағидалар талаптарының, гигиеналық нормативтердің сақталуын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады жəне жүзеге асырады;

2) осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

8-бап. Жергілікті атқарушы органдардың радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы құзыреті

Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде:

1) мемлекеттік органдарды жəне (немесе) олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын тарта отырып, жабылған көму пункттерін мониторингтеу қағидаларына сəйкес жабылған көму пункттерінің мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;

2) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерінде радиациялық қауіпсіздікті жəне қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысады;

3) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін орналастыру, салу, пайдалану жəне жабу мəселелері бойынша қоғамдық талқылауларды жəне халықты хабардар етуді ұйымдастырады;

4) тарихи радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, радиациялық ластануды жою, сондай-ақ ядролық мұра объектілерінің қауіпсіздігін жəне оларды оңалтуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

9-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметті лицензиялау

1. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының рұқсаттар жəне хабарламалар туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.

2. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметті лицензиялауды атом энергиясын пайдалану саласындағы уəкілетті орган жүзеге асырады.

 

10-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қызметті мемлекеттік бақылау мен қадағалау

Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жүзеге асырылады.

 

11-бап. Радиоактивті қалдықтарды мемлекеттік есепке алу жəне бақылау

1. Радиоактивті қалдықтар осы Заңға, Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына сəйкес мемлекеттік есепке алынуы жəне бақылануы тиіс.

2. Радиоактивті қалдықтарды мемлекеттік есепке алу жəне бақылау олардың түзілуін, жинақталуын, сақталуын, қайта өңделуін, тасымалдануы мен көмілуін жүйелі жəне анық есепке алуды қамтамасыз ету, олардың бақылаусыз айналымының алдын алу, сондай-ақ ядролық, радиациялық, ядролық физикалық жəне экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

3. Радиоактивті қалдықтарды мемлекеттік есепке алу жəне бақылау:

1) радиоактивті қалдықтар тізілімін жүргізуді;

2) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерінің кадастрын жүргізуді қамтиды.

4. Радиоактивті қалдықтарды мемлекеттік есепке алу жəне бақылау жүйесінің қызметін ұйымдастыруды жəне қамтамасыз етуді уəкілетті орган жүзеге асырады.

5. Радиоактивті қалдықтар тізілімін жүргізуді уəкілетті орган жүзеге асырады.

6. Радиоактивті қалдықтар тізілімін жүргізудің тəртібін жəне радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерінің кадастрын жүргізудің тəртібін уəкілетті орган айқындайды.

7. Радиоактивті қалдықтарды бастапқы есепке алуды радиоактивті қалдықтарды түзушілер жүзеге асырады.

Радиоактивті қалдықтарды түзушіні айқындау мүмкін болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар бастапқы есепке алуды олардың орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.

 

12-бап. Радиоактивті қалдықтарды сыныптау

1. Радиоактивті қалдықтарды сыныптау олардың шығу тегі, агрегаттық күйі, үлестік активтілігі (концентрациясы), радиоактивті қалдықтардағы радионуклидтердің, сондай-ақ олардағы ядролық материалдардың жартылай ыдырау кезеңі негізінде жүзеге асырылады.

2. Радиоактивті қалдықтар агрегаттық күйі бойынша қатты, сұйық жəне газ тəрізді радиоактивті қалдықтар болып бөлінеді.

Добавить в список основных источников в Google

Документ не введен в действие
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!