Все сервисы
Zanger
Жосықсыз құрылыс салушылардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі Үлгілік қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы № 286 бұйрығы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңының 5-бабының 11-6) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жосықсыз құрылыс салушылардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі Үлгілік қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2. осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
5. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап:
Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай цифрлық жүйесі (бұдан әрі - Жүйе) - тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды және олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы мәліметтерді жүйелеуге және есепке алуға арналған цифрлық жүйе.».
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
К. Кажкенов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 5 маусымдағы

Добавить в список основных источников в Google