Все сервисы
Zanger
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 299 Қаулысы
(2025.20.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 19 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақының мөлшері бекітілсін.
3. «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін облыс әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Е. Көшербаев |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024.20.12. № 312 Қаулысымен (2024 ж. 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.12.03. № 60 Қаулысымен (2025 ж. 20 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-қосмыша жаңа редакцияда
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2023 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 299 қаулысына
1-қосымша
Редакция документа
Демо – версия документа