Все сервисы
Zanger
Масс-медиа саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 17 қазандағы № 488-НҚ бұйрығы
(2026.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026.02.06. № 263-НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025.15.10. № 563-НҚ бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

Добавить в список основных источников в Google