Все сервисы
Zanger
Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 4 ақпандағы № 20 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 600-бабының 6-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның елді мекендерінде салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттері бекітілсін.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның елді мекендерінде салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2025 жылғы 17 қарашадағы № 242 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялансын және енгізу үшін жіберілсін;
2) осы қаулыны Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет - ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру қамтамасыз етілсін.
Демо – версия документа