Все сервисы
Zanger
Қонаев қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы
Алматы облысы Қонаев қалалық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 56-188 шешімі
(2026.17.03. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 7-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, 91-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қонаев қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Алматы облысы Қонаев қалалық мәслихатының 2026.17.03. № 61-208 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қонаев қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер — 48 012 900 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша — 40 199 541 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша — 1 020 714 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша — 443 992 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша — 6 348 653 мың теңге;
2) шығындар — 49 415 642 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу — 54 375 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер — 69 200 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу — 14 825 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо — 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) — -1 457 117 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) — 1 457 117 мың теңге.
2. Қонаев қаласы әкімдігінің 2026 жылға арналған резерві 216 025 мың теңге сомасында бекітілсін.
3. 2026 жылға арналған қала бюджетінде ауылдық округтің бюджетіне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
елді мекендерді көркейтуге, көшелерді жарықтандыруға, жолдарды жөндеуге;
ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз етуге.
Көрсетілген трансферттерді ауылдық округтің бюджетіне бөлу Қонаев қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.
4. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

Добавить в список основных источников в Google