Все сервисы
Zanger
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 Қаулысы
(2026.12.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2026 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.16.07. № 132 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2024.21.02. № 13 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.16.07. № 132 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 4 тамыздан бастап туындаған қатынастарда қолданылады.
| Ұлттық Банк Төрағасы |
Г. Марченко |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 261 қаулысымен
бекітілген
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.16.07. № 132 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату
қағидалары
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.27.03. № 48 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер

Добавить в список основных источников в Google