Все сервисы
Zanger
«Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу қағидаларын және Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу жөніндегі комиссияның жұмыс қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 379 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 442 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу қағидаларын және Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу жөніндегі комиссияның жұмыс қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 379 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17080 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабы 25-тармағының төртінші бөлігіне және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу жөніндегі комиссия жұмысының қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

Добавить в список основных источников в Google