Все сервисы
Zanger
«Табиғи монополиялар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 332 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қарашадағы № 59 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Табиғи монополиялар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 332 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14167 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Добавить в список основных источников в Google