Все сервисы
Zanger
Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру қағидаларын және оны беру нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 384 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 144-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 9 маусымдағы
№ 384 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 144-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру тәртібін айқындайды.

Добавить в список основных источников в Google