Все сервисы
Zanger
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілерге қатысты тексеру жүргізу кезіндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 807 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 81 бірлескен бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 16 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілерге қатысты тексеру жүргізу кезіндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) қатысты тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалаушы ұйымы (бас жобалаушы) қатысты тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мердігерге (бас мердігерге) қатысты тексеру парағы;
5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты тексеру парағы;
6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы техникалық қадағалауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қатысты тексеру парағы;

Добавить в список основных источников в Google