Все сервисы
Zanger
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 3 қарашадағы № 42 бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 қазандағы № 349 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ереженің 22-тармағы 10) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі - Ұлттық бюро) заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

Добавить в список основных источников в Google