Все сервисы
Zanger
«Апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 423 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 169 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 423 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33328 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Апелляциялық комиссия туралы ережеде:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өтініш - осы Ереженің 14-тармағына сәйкес уәкілетті органға берілген және Комиссияның құзыретіне жататын өтініш берушінің жазбаша өтініші;»;
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық ғылыми кеңестердің (бұдан әрі - ҰҒК) мүшелері комиссия құрамына кірмейді.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Комиссия:
1) ҰҒК мүшелерінің әдеп кодексін сақтау мәселелерін;
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру туралы аралық және қорытынды есептерді ҰҒК-нің қарау нәтижелері бойынша өтініштерді;
3) ҰҒК мүшелерінің жобалар (бағдарламалар) бойынша бағалау және дауыс беру рәсімін сақтамау мәселелерін қарайды.»;
1-тармағының он екінші, он үшінші абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Конкурсқа қатысушылардың өтініштерін орталықтың цифрлық жүйесінде www.is.ncste.kz сілтемесі бойынша жеке кабинетте көрсетілген ҰҒК шешімі қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орталық қабылдайды.»;
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
Документ не введен в действие
Демо – версия документа