Все сервисы
Zanger
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы түбіртек нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 373 бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 12 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 811-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы түбіртек нысаны бекітілсін.
2. Кірістерді талдау және салық және кеден заңнамасы мәселелерін үйлестіру департаменті (У.Әмірханұлы):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов
Қаржы Министрінің
2014 жылғы 22 тамыздағы
№ 373 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу
тәртібінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы
түбіртек
№_______
| ______жылғы «_____»__________ | _______________________________ |
| (берілген күні) | (берілген орны) |
Құқық бұзушының тегі және аты-жөні__________________________________________________________________________
Кұқық бұзушының мекенжайы_________________________________________________________________________________
Кұқық бұзушының ЖСН______________________________________________________________________________________

Добавить в список основных источников в Google