Все сервисы
Zanger
«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 19 маусымдағы № 200 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 24 ақпандағы № 72 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 19 маусымдағы № 200 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» кәсіптік стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
| Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
А. Ертаев |
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 24 ақпандағы
№ 72 бұйрығына қосымша

Добавить в список основных источников в Google