Все сервисы
Zanger
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 6 қазандағы № 91/қе бұйрығы
(2018.24.09. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары:
1) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген өзгерістер мен толықтырулардың енгізілгені туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органдарын бір ай мерзімі ішінде хабарландырсын;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалғаны жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Заң департаментін екі ай мерзімі ішінде ақпараттандырсын.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері таныстырылсын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Комитет Төрағасы | К. Мәсімов |
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 91 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 369 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9886 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 14 қаңтарда жарияланған):
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің ережесінде:
Демо – версия документа