Все сервисы
Zanger
«Ұлттық жобалардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 79 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 1 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 10 тамыздағы № 148 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 4 бірлескен бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 1 маусымдағы № 61 және ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2026 жылғы 1 маусымдағы № 7 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Ұлттық жобалардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 79 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 1 бірлескен бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23968 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық жобаларды әзірлеу жөніндегі әдістемеде:
19-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 43-1-бабына сәйкес бекітілетін Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі-Қағидалар) сәйкес ұлттық жоба әзірлеу жоспар-кестесі әзірленеді;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық жобаны ұсыну форматында:
көрсетілген Ұлттық жобаларды ұсыну форматына қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық жобалар бойынша есептілік нысанында:
Ұлттық жобаларды орындаушылардың есептілік нысанына қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Добавить в список основных источников в Google