Все сервисы
Zanger
«Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 966 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.

Добавить в список основных источников в Google