Все сервисы
Zanger
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарынан сұратылатын өрттер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 928 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 113 бұйрығы
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2026 жылғы 19 маусымдағы № 229 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарынан сұратылатын өрттер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 928 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12441 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрттер және адамдардың қазасы туралы жалпы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрттер ретінде есепке алуға жатпайтын жану жағдайлары туралы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрттердің шығу себептері туралы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрттер шыққан объектілер туралы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй секторындағы өрттер мен олардың зардаптары туралы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Добавить в список основных источников в Google