Все сервисы
Zanger
Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 462 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 332 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және 13-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Реттелетін нарық салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 01 шілдедегі № 199-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 05 шілдедегі № 125/НҚ бірлескен бұйрығы (Норматівтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8616 тіркелген, 2013 жылғы 20 қарашадағы № 257 (28196) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
2) «Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 01 шілдедегі № 200-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 05 шілдедегі № 126/НҚ бірлескен бұйрығы (Норматівтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8617 тіркелген, 2013 жылғы 20 қарашадағы № 257 (28196) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті заңнамада белгілінген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Добавить в список основных источников в Google