Все сервисы
Zanger
Арнайы комиссияны қалыптастыру қағидаларын және Арнайы комиссия туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 134 бұйрығы
Осы редакция 2026 жылғы 31 тамызда күйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 42) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Арнайы комиссияны қалыптастыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Арнайы комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Куантыров |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 10 шілдедегі
№ 134 бұйрыққа
1-қосымша
Арнайы комиссияны қалыптастыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Арнайы комиссияны қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 42) тармақшасына сәйкес әзірленді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жанынан құрылатын арнайы комиссияны қалыптастыру тәртібін айқындайды.

Добавить в список основных источников в Google