Все сервисы
Zanger
Есепті жыл ішіндегі жалпы елдегі прогресс индексін есептеу әдістемесін және Бағаланатын мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысының 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 20-01-38.3 бұйрығы
(2023.30.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының 2026 жылғы 11 қазандағы № 26-01-38.29 бұйрығымен 2026 ж. 21 қазаннан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 65-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Есепті жыл ішіндегі жалпы елдегі прогресс индексін есептеу әдістемесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Бағаланатын мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу әдістемесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық орталық және жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының назарына жеткізілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.М. Сүлейменовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы |
Е. Қошанов |
ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысының 2021.20.12. № 21-01-38.46 бұйрығымен әдістеме жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Президенті Әкімшілігі Басшысының
2020 жылғы 29 қантардағы
№ 20-01-38.3 бұйрығына
1-ҚОСЫМША
Есепті жыл ішіндегі жалпы елдегі прогресс индексін есептеу
ӘДІСТЕМЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер

Добавить в список основных источников в Google