Все сервисы
Zanger
Гидтердің, экскурсия жүргізушілердің және туризм нұсқаушыларының қызметі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 15 шілдедегі № 128 бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 20-27) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған гидтердің, экскурсия жүргізушілердің және туризм нұсқаушыларының қызметі қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі |
Е. Мырзабосынов |
Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2026 жылғы 15 шілдедегі
№ 128 бұйрығымен
бекітілген
Гидтердің, экскурсия жүргізушілердің және туризм нұсқаушыларының қызметі
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы гидтердің, экскурсия жүргізушілердің және туризм нұсқаушыларының қызметі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 20-27) тармақшасына сәйкес әзірленді және гидтердің, экскурсия жүргізушілердің және туризм нұсқаушыларының қызметі тәртібін айқындайды.

Добавить в список основных источников в Google