Все сервисы
Zanger
Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету туралы келісім нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1453 бұйрығы
(2026.12.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Әділет министрінің 2026.19.06. № 573 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Әділет министрінің 2026.19.06. № 573 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Әділет министрінің 2026.19.06. № 573 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету туралы келісім нысаны бекітілсін.
2. «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 273 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8632 болып тіркелген, 2013 жылы 2 қарашасында «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Добавить в список основных источников в Google