Все сервисы
Zanger
Жария сервитут белгілеудің кейбір мәселелері туралы
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 20 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 71-1-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тарапынан берілген «Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған» 11 шілде 2025 жылғы №3444-EL лицензия негізінде Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Altyn Land» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін Сарыағаш ауданының Жібек жолы, Ақжар, Қабланбек және Дербісек ауылдық округтерінің аумағынан меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан осы қаулының қосымшасына сәйкес жалпы ауданы 2095,2311 гектар жер учаскесіне 11 шілде 2031 жылға дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі (Б.Әуезов) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Талиповке жүктелсін.
Демо – версия документа