Все сервисы
Zanger
Әкімшілік істерді қарау бойынша соттардың жұмысы туралы есептердің, электронды ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу мен қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 92 бұйрығы
Осы редакция 2022 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Бірінші сатыдағы соттардың әкімшілік істерді қарауы бойынша есеп» № 5 нысаны;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Апелляциялық сатыда әкімшілік істерді қарау бойынша есеп» № 5А нысаны;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Кассациялық сатыда әкімшілік істерді қарау бойынша есеп» № 5К нысаны;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Бірінші сатыдағы сот қараған әкімшілік іске (талап қою) 1-электронды ақпараттық есепке алу құжаты» нысаны;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Апелляциялық сатыдағы сот қараған әкімшілік іске 2-электронды ақпараттық есепке алу құжаты» нысаны;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Кассациялық сатыдағы сот қараған әкімшілік іске 3-электронды ақпараттық есепке алу құжаты» нысаны;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне электронды ақпараттық есепке алу құжаттарын енгізу және әкімшілік істерді қарау бойынша соттардың жұмысы туралы есептерді қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

Добавить в список основных источников в Google